Тұла бойын өшпенділік, ыза-кек, ашу қысты. ~ Нән, жуан, менмен кеуде, намыс ері, Суық қол Батыраштың жібергені. Жалт етті жайдың оты жүрегінен, Кек қайнап, мұз құйылып жүре берді. І.Жанс. ~ Қарымсақ осы тұста өзінің кек қайнаған ішкі наразылығын Керімбекке ірікпей білдіріп: — Әй, Кеке-ай! Жарықтығым – ай! Әлдеқашан жоқ қылатын бір кещені сүзбе-буаз ғып созбақтатып қойғаныңыз-ай! Сол күні өлсем арманым жоқ болар ем, айызымды бір қандырмай, ит азғыны — өлекшіндей қор еттіңіз – ау! — деп бармағын шайнағандай болып отыр. Ж.Ахм. ~ Сол боймен жетті, міне, алып-ұшып, кек қайнап, жанарлардан жалын ұшып. Бандылар қоршалғанын ссзбей қалды, ауылдық адамдар деп жаңылысып. Ф.Оң.
