Әбден тойды. ~ Кекірелеп тойғаннан болар, арқар мүйіз қошқарлардың сақ– сақ сүзісіп жатқаны, оларды ажыратып, Сәмбеттің айқайлағаны естіледі. Ш.Мұр. ~ Бұларды қайда апарсақ болар екен? Таяу маңдағы аудандар қажетті адамдарын алып, кекірелеп тойып отыр. Қ.Жұм. ~ Сол кештен бастап ел бір апта бойы құрбандық шалып, құдайы таратумен болды. Үлкендер «құдайың қабыл болсын» деп дәмді етке кекіре тойып жүрді. Б.Мом.
