Айтарын айтып салды, әй-шайға қарамай, утрасын айтты. ~ Қызғылықсыз көрінген бұл саяси сауат жалықтыра бастаған соң, мәселені келтесінен қайыру мақсатымен: — Сіздікі дұрыс екен дейік,— дедім Еркінге,— хош, революция болды… С.Мұқ. ~ Жоламан қанын ішіне тартып, кемиек иегі кемсеңдеп: – Алашыңның да керегі жоқ, ордаңның да керегі жоқ: ата-бабам ордаға кіріп те көрген жоқ; бала – өзімдікі, менің баламда ешқайсыңның жұмысың болмасын! – деп келтесінен қайырған. Б.Май. ~ Сенің кім екеніңді бек білемін, — деді, оны неғыл дейсің дегендей, келтесінен қайырған мырза. Ф.Дост. ~ Өлсек бірге өлейік, туған жер топырағында, бізді әурелемеңдер балалар. Көңілдеріңе рахмет,- деп қария өз шешімін келтесінен қайырды. АҚ “Тағдыр”. ~ Ғайыпты келімсек деп көргені ме, келемеж еткені ме немесе келісіп алайын дегені ме Кәлем сөзді келтесінен қайырып: — Егер екі балаңды тірі алып келсем, қыз балаңды түбінде маған жар етіп беремісің? – депті. БС. “Алтынасық…” ~ Ерте, ерте, ерте екен, Ешкі жүні бөрте екен. Сөз бастайын ертеден. Сөйтіп кеңес қозғайын, Бірақ сөзді созбайын, Қайырайын келтеден. М.Жұм
