Таршылық көріп қиналды, жаны қысылды. ~ Бетіне ешбір адам келмейді пар, Қанша әскер жабылса да ,қылмайды кәр. Патшалықты басымыздан тартып алар, Кең дүние енді бізге болады тар. М.Ж.Көп. ~ Көңілі көтерілмей зар болғандай. Ғұмыры қызғылықты зайғы болып, Мысалы кең дүние тар болғандай, Жетпейтін төсегіне көп жамандар, Ол күнде әлде қандай таң болғандай. М.Дул. ~ Ұқсайды кең дүние тар болғанға, Азуы алты қарыс көкжалдарға. Сан түсіп талапайға Тұран жері, Қалалар талай көшкен қолдан-қолға. Н.Айт. ~ Сардарбасы Алыпқазан батырдың басынан бір ұрғанда басы зеңіп, кең дүние тар көрінеді. Ғ.Біл.
