Ой-парасаты мол, көкжиегі кең. ~ “Ақынның ақындығы улаған ойын, тулаған сырын, оқушыны толқытқандай қылып, тізген меруерттей кестелі, толғаулы сөзімен айта білуінде ғой”, – десе …Жүсіпбектің кең құлашты жазушы, парасаты мол азамат екенін танып-білгендейміз. БАҚ. ~ Ұзаққа жүгіретін өрен жүйрік, Секілді тыз етпеге қақпай күйбік, Көсіліп өресі ұзақ поэмаға, Жай тастап, кең құлаштап, желдей жүйткіп. І.Жанс. ~ Қиын жанрдан өз бетін аңғартарлық жаңа соқпақ табу, кең құлашты, шеберлене кемелденген ойдан ғана туса керек. Қалт. Мұх.
