Posted in

КЕҢ ӨҢЕШ

Қомағай, обыр. ~ Елін сатып, шен алған, Өлекседен жем алған, Кебеже қарын, кең өңеш, Өлексе көрсе, үніген Күшігеннен кем емес, Тек дейтұғын тегі жоқ, Өз еліне ебі жоқ, Жатқа зерде кегі жоқ – Азған елге бек болды Ағынды мырыш, қолаба. Д.Баб. ~ Әкем Ыдырыс кең өңеш, қомағай адам. Қасық оның қолына тиген кезде тостағандағы талқанның бір жамбасы үңірейіп қалады. Б.Соқ.