Қолы ашық, ақ ниет, жомарт. ~ Білімді ел тас бауыр бола ма екен? Мына тұрғандар үй ме? Жыртқыш, жалмауыз ғой. Ай, кең пейіл қазағым-ай! Қадірін осындайда білінеді екен ғой. Андрей қазақты білген екен ғой!.. Ж.Айм. ~ Қазаққа кетәрі болған ешкімді көрмедім. Қазақ қайда жүрсе де таза қан‚ кең пейілімен өзіне тартып тұрады. Ал‚ мына қыз ақылсыз емес. Бір күні бәрін тастап қашып кетер. Қ.Түм. ~ Арамдығы жоқ, ақ еден, кең пейіл, әрі мұғалім болған соң ба оны күллі ауыл еркелетеді десе де болады. С.Досж. ~ Бұл көп Тобықтының үлкен санайтын, күтетін үйі. Және Күнкедей емес, Ұлжан қонағуар, кең бейіл, мырза. М.Әу.
- Мырзалық, кеңдік. ~ Келер қыстан олар да жақсылық, кең пейіл дәмелі. О.Бөк. ~ Қазақ жанының дархандығын, қазақ дастарханының мырзалығын бұл білмей ме екен? Ата қораздан ауыз тигісі келсе, қарақалапақтың да кең бейілділігі. З.Шүк. ~ Күн жаңа ғана көтеріліп келеді. Жазғытұрғы кең бейіл дүние шыққа малынып, маужырап тұр. Ғ.Мүс. ~ Қызғанумен, күндеумен жұмысың жоқ, Кең пейіл — Кен, даладай тынысың боп, Жасап келе жатырсың, жомарт ақын, Халқыңның қалтқысыз бір ырысы боп. Д.Әб.
