Айғайлады, барын сала дауыстады.~ Дегенше қолды-аяқты екі-үш оқушы асхананың төбесіне өрмеледі. Газет қалпақтарын бұлғап: — Е-ей, ел мұнда, қос мұнда! — деп кеңірдек жырта айқайлады. М.Қаб. ~ Ал, әне бір қазақ жастарына көсемсіп, қос уыс жиналыс болса кеңірдек керіп қиқулап шыға келетіндер ше? Ә.Нұрп. ~ … әйелдеріміз ұйымшылдық көрсете шаш жұлыса жаздап, өзіміз де кеңірдек керісіп, әрең дегенде ажырасып, шекарамызды жауып тындық. Ғ.Қаб.
