Қарсы болды; теріс мүдделі болды. ~ Біз байларға қатты тиістік,— деді Шұнақ шал.— Енді оларға оң келмейтін болдық. Оның басты себебі олардың бізге теріс, кері келуінен, ілгері басқан аяғымызды кейін кетірмек болып, арбамыздың дөңгелегіне ағаш қоюында еді. Б.Қыд.
- Кебін киді, аяғын құшты. * Бәйділдә сойырқастарды шыңғыртып отырып, үй басына он қойдан салық салып еді. Құйрық сұрап барып, мүйзінен айырылған ешкінің кері келді. З.Шүк. * Олай-былай өткеңде Ақиректегі қарақалпақтардың Көкшекөлдің ұлтанындағы жерді ұлтарақтайдан бөлісіп жатқанын көріп, қазақ күлетін еді. Әлі соның кері өздеріне келетін шығар… З.Шүк. ~ Анық сол Рахимдар болмай шығып ұятқа қалып жүрмейік. Ашуланғанда көз қызарады. Ашу басылған соң, бет қызарады, деп қазақ өздерің айтасыңдар. Соның кері келіп жүрмесін. Кісіге көздерің жеткен соң, жабысыңдар! Ж.Ахм.
