Posted in

КЕРІ КЕТТІ

Ісі алға баспады; теріс жүрді; қырсық шалды. * Алға баспай, біткен ісі кер кетіп, Нәр тата алмай, күшсіз, әлсіз бүгіліп. М.Жұм. * Көз ілескенше түні бойы осы маңды қорылымен
көшіріп жататын Шатырбай тұтқын болды да шықты. Аяқасты ол үшін су кері ағып, дүние кері кетті. К.Қаз. * Құлагердің құнын! Оны қалай алмақсыңдар? Сендердің қолдарыңнан не келмек. Керейдің кері кеткен кесапаттары құн даулатпақ түгілі босағасынан сығалатар ма екен. С.Жүн. ~ Кері кеткен елдің кеңесі көп болады. М.-М.