Posted in

КЕСЕК ДЕНЕЛІ (ТҰЛҒАЛЫ)

Дене бітімі ірі, ер тұлғалы. * Сөйлескен, аудан орталығында кеңсесі бар әскери киімді ер пішінді, кесек денелі жігіт Паншин еді. М.Әу. * Орта бойлы, кесек денелі, отыз бестер шамасындағы қара торы жігіт ордаға еркін кіріп келіп, ханға иіліп сәлем береді. С.Ом. * Төрдегі пұшпақ бөрікті кең маңдайдан шалқайта киген қара бұжыр өңді, кесек тұлғалы кісі – Бөгенбай батыр. С.См. * Қарсы алдында кескін- келбеті өзінен айнымайтын, кесек тұлғалы, еңгезердей жас жігіт қызулана сөйлеп отыр. Қ.Жұм.