Posted in

КЕСІР БОЛДЫ

Кесапаты тиді. ~ Өзі де шығуға таяу тұрған көз еді дегендей, Кенесарының қайтқаны кесір болды. І.Ес. ~ Көтердім Алла салғанын. Тістеулі кетті бармағым. Мыстан кемпір, қайтейін, Кесір болдың келдің де… Ішімде кетті арманым. «Мұңлық-Зарлық». Және бір Шернайыптан қосын келді, Бұл қосын тау жағынан тосын келді. Жазықсыз Байзақты өлтіргені – Қоқанның дәулетіне кесір болды. Майлықожа. ~ Мыңбай өліп, Қоқанның қайтты бағы, Ұрысар еді қалғанша қылыш сабы. Хан болғаны қырғыздың кесір болды, Алпыс қазақтан озғандай бейне жаны. Майлықожа.