Жаман жағдайға тап болды. ~ Нұрмағамбет оны тыңдаған жоқ, қасына ергендердің «тоқта!» дегенін елең қылмай өтіп кетті. «Қап!—десті Керей жағы, — кесірге ұшырамаса жарар еді, жолды аттады – ау!». С.Мұқ. ~ Расында, мінезі жаман адам мынау аз өмірде, қысқа ғұмырда, келте тірлікте, талай кесапат, кесірге ұшырайды. Б.Боп. ~ Елің жүрсін есіңде – мал мен баққа есірме, Мал мен баққа есірсең – кез боларсың кесірге. М-М. * Дарияның бойын бүйірлей ирелеңдейтін бозғылт жолмен паром маңайлаған мезетімізде күтпеген кесірге кездестік. М.Байғ. * Киесі ұрады, кесірге жолығасың деп, киелі жануарларды атуға, аулауға рұқсат етілмеген. БАҚ. * Құмар іздегендер кесірге кезігеді. Қазақстандықтардың құмар ойындарына қанша қаржысын шығын еткені мәлім болды. БАҚ. * Садақаны да, зекетті де кесірге ұрынбай тұрғанда берген сауапты. Сау күнінде бермеген садақаның қайыры шамалы деген. БАҚ.
