Жан алып, жан берген қанды майдан. * Сол кісі осы Көжегіне босанарында кескілескен ұрыс жүріп жатыпты. Қарша бораған оқтың астында туған баласын да, анасы мен әжесін де сіз амандап алып шыққан көрінесіз. Ғ.Біл. * Аз бен көптің арасындағы кескілескен айқас басталды. Т.Ахт. * Екі жақтан кескілескен ұрыс басталды. Т.Ахт. * Ұлы Отанымызға үлкен қауіп төніп тұр. Тоқымдай жер үшін кескілескен ұрыстар болып жатыр. Т.Берд. * «Неміс фашист басқыншыларымен кескілескен шайқаста сіздің сүйікті ұлыңыз ерлікпен қаза тапты!».. деген азалы хабар талай ананы, талай атаны «Аһ» ұрғызды. Т.Берд.
