Posted in

КЕСТЕДЕЙ НАҚЫСТЫ

Әдемі, өрнекті, құлаққа жағымды, сұлу. ~ Біржанның төңкерілген дауысымен, «Ешкіөлмес ел жиылды бауырында!..» дегендей-ақ Күнікейдің аққудай сұңқылдап, күмістей сыңғырлап, бұлақтай сылдырлап, бұлбұлдай құбылтып, бұлқындай жұтынып, жүйкені босата, сүйекті шымырлата сорғалатқан, кестедей нақысты, ботадай сүйкімді, балдай тəтті, күндей сұлу əніне көш бойындағы қыз-бозбала, қатын-қалаш жиналып қалды. Ж.Айм.