Posted in

КЕТЕУІ КЕТКЕН

Берекесі кеткен, сәні мен мәнінен айрылған. ~ …Құдай бiр айналдырса, келекесiне ұшыраған басты шыр айналдырады екен.
Сона-а-ау жылдан тiрлiгiнiң кетеуi кетiп, ерi мойнына итiне бередi. Ә.Ыб. * Өң мен түстің, бар мен жоқтың арасында
сенделген есеңгіреулі санамен зорға ілініп келе жатқан әлсіз-күйсіздер жағының кетеуі кетіп жұтыққан, торыққан жүздерінде
тірлік үмітінің мезеттік қуаныш елесі қанат қақты. Ғ.Біл. ~ Иә. Олар да ер жеттi, қыз күйеуде, ұл – үйлi-жайлы. Ортада төрт
немере-жиендер. Қалған өмiрiмiзге тамызық болар солар емей кiм, Жақыпжан-ау. – Бiр кетеуi кеткен тұрмыстың туырлығын
қанша жамасаң да… Ш.Құм. * Жылқышыны былайырақ шығарып салып, қыздарының отау үйіне кіріп еді, бәйбішесі де
осында екен. Су тиген торғайдай әр бұрышта бүрісіп, кетеуі кете сүртиіп отыр. О.Бөк. ~ Екі иығынан жүк түскендей, өзін
жеңіл сезінді — жағдай белгілі. Кетеуі кеткен өмірі келіншегі қашқасын Қожанасырдың бейітіндей түзелмеске беттепті.
М.Қаб.