Posted in

КЕУДЕГЕ (КӨКІРЕГІНЕ) ҚҰРАН ҰРДЫ

Құранды кеудесіне басып, ант ішіп, уәде қылды. ~ Ал ендеше, жаңағы екі сертке сөз беріп, кеудеге құран ұрасындар ғой!?— деп Базаралы тағы ақырды. Әдейі сескентіп, қатты ақырып сөйледі. — Құран ұрайық! — Әкел ендеше, құранды!— деп, Базаралы үй ішіне бұйрық етті. М.Әу. ~ Сол сөзге Ұзақ уәде қылып, бұның уәдесіне ие болмақ болып Жылқыбай кеудесіне құран ұрған соң, Бәкей ұлыққа “бұрынғы жігітімнен кеттім” деп, түзу жауап беріп, әкесінің қолына тиген. М.Әу. ~ Әмен сұрақшы жүзіне анық турадан көз сала алмай және мына кірге1ннің де кім екенін қарап білуге мұршасы болмай, тек тілмашқа жалбарынышты, төмендікпен қарап: — Олла-біллә! Інісіне ұрлатушы Керімбек емес. Сол үшін кеудеме құран ұрам тақсыр! — деп, безек қағып отыр екен. Қос тізесімен қадауыштай қадалып отырып, шыр-шыр қағады. Ж.Ахм. ~ Сабатсам ғой, өлетіндерінді білесің. Ал босатсам, шағым айтпасқа серт бересіндер ме? Ант ішіп, уәде қыласың ба екеуің? — Ойбай, керек десең кеудеме құран ұрайын, — деп, Дүйсен қандай сертке болса да әзір екенін айтты. Далбай да соның сөзін айтып жалынып жатыр. М.Әу. ~ Мақпыр мені иландырдым деп ойлады. Дуакөй адамдаймын-ау деп те ойлаған шығар ол. Және ол емескі нәрселерге қасам ішуге дайын тұрады. Шамасы антты қалай ішіп, көкірегіне құран ұрса да одан пәле келмейтінін әбден біліп алғандай. Б.Қыд.