Posted in

КЕУДЕДЕН ИТЕРДІ

Қасына жолатпады, теріс айналды. ~ Бірақ кеудемнен итергені өтіп кетті. Кеудеден итергені – қорлағаны. Онан да ұрғаны жақсы еді. Айша айтқан: «Кеудеңді бастырма!» – деп. Ш.Мұр. ~ Ендеше тайыңдар! Зорлық көрсе арызды қыздың өзі берсін! Марш! — деді Сұржекей, Шеге мен Ждақайды кеудеден итеріп. С.Ел. ~ Тоқалдың кеткеніне жасы елуге келсе де, тақымының ыстық-суығы басылып болмаған бәйбішесі мәз. Мұны әрі-бері иектеп… «Менің әукем кісінеуден қалған» деп Батыр оны кеудеден итеріп тастаған. Н.Дәу. ~ Күнгей, теріскейде оны бәрі білетін әрі аса қадірлейтін. «Дәулет бір адамға бітеді, бірақ несібесі көптікі» деп отыратын әкесі алдына келген ағайынды кеудеден итерген емес.Н.Дәу.