Posted in

КЕУДЕСІ БАСЫЛДЫ

Көңілі пәс болды, ұнжырғасы түсті. ~ Сондықтан әрі орта жолдағы Жәнібектің кеудесі басылып қалмайтындай қып, әрі ар жағындағы Барақтың иығы шығып кетпейтіндей қып серік тауып бергені жон. Ә.Кек. ~ Қасып сөйлейтін қыршаңқылығы жоқ еді, бүгін әбілет басты. Ұрының арты қуыс, бір айда керіктей кеудесі басылып-ақ қалған екен, даусы жалған шықты. М.Қаб. ~ Ешнәрсеге кеудесі басылғысы келмейтін Бурабай да Дербісалының санаулы айдапсалдарының біреуі. Ж.Ахм.