Posted in

КЕУДЕСІ КӨТЕРІҢКІ

Паң, рухты, айбынды. ~ Мен – ғұмыр емес, тіршілік емес, түспін. Бағзы бір заманда, бұдан бес, он, жиырма ғасыр бұрын жасап өткен, кеудесі көтеріңкі, мерейі үстем болған, еркін ғұмыр кешіп, бар мұратына жеткен әлдебір бабамның жойқын жорықтан соң ұзағынан ұйықтап кеткен әлденендей сәтінде көрген түсі шығармын деп. М.Мағ. ~ Түріне қарасам, қайғыдан азап шегіп жүдеп жүрген адам секілді емес, кеудесі көтеріңкі, ал хатына қарасам, алдамайтын тәрізді. І.Ес.