Кердең мінезді, кеудесіне нан піскен өр көкірек. ~ Ителгінің жетім шөжесіндей осы бір жапырақ адам талай-талай
кеудесімен көк тіреген әміршілерді қалай-қалай жер соқтырып кеткеніне аң-таң. Ә.Кек. ~ Кешегі кеудесімен көк тіреген көп
шенділердің Қолында қыңсылаған көк серектің Рухын ұшықтап бүгінгі даланың демімен, Есіне түсірсін тілі мен ділін, Есіне
түсірсін ұлтын. С.Әбілм. ~ Үй дағдарыста еді. Ендігі жағдайы нешік!? Екі жарты, бір бүтін боп, елбесіп-селбесіп
жан сақтаудың орнына, кеудесімен көк тіреп астамсыған Шатырдың көз алдында быт-шыт боп уатылып
кеткені қатты ойландырып еді. Ө.Кәр.
- Заңғар биік. ~ Әншейінде бұлыңғыр тартып, кез-келген жанарға іліне бермейтін қасиетті Хан-Тәңірі тәкаббар кеудесімен
көк тіреген күйі баурайынан тараған асқақ үнге күлімсірей, сүйсіне құлақ түре қалғандай. Ф.Оңғ.
