Әлдебір сәулелі сезім жүрегін жылытты, шаттық сыйлады. ~ … ондай оқиға бұқаралық сипат алғанын, талай құрдымды, «жарымаған-жалшымаған, жерді мініп жыланды қамшылаған» талайды жеткізгенін, олардың кеудесіне нұр құйғанын паш етеді. Б.Қыд. ~ Ойлап отырса, он бір жыл бұрын, Қалиды балалар үйіне тапсырып тұрып, сорасы ағып, үнсіз жылағанда ғана аға болыпты. Қазір ол аралық сезім ұмыт. Сүт пісірім бұрын Қалиды көргенде ғана кеудесіне нұр құйылды. М.Қаб. * Кей кеудеге нұр төксе күлкім, ай-күн, Шындық-сәби үшін тек шырқыраймын. Қ.Бұғ.
