Posted in

КЕУДЕСІНЕ ЖЕЛ БІТТІ

КЕУДЕСІНЕ ЖЕЛ БІТТІ

Паңданып, дандайсып кетті, көкірек көтерді, мақтанды, әлдеқандай болды. ~ Адам баласынан өзгеше, артықша көрсем деп кеудеңе жел бітті, ақылыңды сол жел көтеріп кетті, — деді барып-келіп жатқан қайран әке. Д.Дос. ~ Жыланкөз орынбасары мұның орнынан қатты дәмелі. Екпіндеп, кеудесіне жел бітіп, мұның қойған адамдарын қан қақсатып, қудалап, экспедициядағы геолог-барлаушыларға тіпті қадалып алыпты. Н.Қап.