Астына басып, кеудесіне шығып алды. ~ Тысырын естіп қойды ма, заматында үңгір аузын аю кептеді, бұл аузын бақадай ашып, бақырамын дегенше қара тажал ырылдаған күйі кеудесіне қона кетті. М.Қаб. ~ Алға! Ура! – деп айғай салды да, алдындағы темір қалпақтыға бір-ақ атылып, үстіне қона кетті. Бұлар да лап қойған. Уралаған дауыс күндей күркіреп, аспанды жаңғыртты. Т.Сәу. ~ Қуғыншылар таяп келген кезде, Шіреті қарт арбада жатқан Тарқұтайдың кеудесіне қонып ап, пышағын кезеп: «Бауырларың мен балаларың сені құтқаруға келді. Ж.Шәк.
