Posted in

КӘЛИМАСЫН ҚАЙТАРДЫ (ҚАЙЫРДЫ)

Дұға оқыды; құдайын ауызға алды. ~ Итжемес жағасын ұстады. Кәлимасын қайырды. Үш рет қайталаудың орынына отыз рет қайталаған шығар. Ә.Кек. ~ Исатай көзі бұлдырап, алысты болжап тұрғандай. Махамбет не болғанын сұрағалы оқталды да кідіріп қалды. Исатай әлдене күбірлеп тұр. Бір сәт ол кәлима қайырып тұрғандай елес берді. М.Әбдіх. ~ Сімсік біреудің тілі өтіп жүрмесе жарар еді»,— деп ішінен кәлимасын қайырып қояр еді. Ә.Кек.