Титтей де күмәні жоқ, имандай сенді, ұйыды деген мағынада. * Мен онда Меңтай Тұмажанға қосылады деп кәміл сенгенмін. Ә.Нұрш. * Tеpic болса да, ұстанғанына кәміл сенетін адамды тәрбиелеу инемен құдық қазғаннан қиын. Т.Ахт. * Себебі күні ертең Қожекең ол пионерлерді совхоздағы комсомол ағаларына айтып, сабатып алатынына кәміл сенімді. М.Қаб.
