Posted in

КӘРІ ЖЫНЫН ШАҚЫРДЫ

Бойындағы тылсым күшті оятты. ~ Бұл өзен жылда мамырды орталап барып тасушы еді, биыл көкек айынан-ақ кәрі жынын шақырған, әсіресе, түн баласында дүние жалқы сәт беймезгіл рақатқа кешіп, түні бойғы ию-қиюдан шалдыққандай мызғыған мезетте, әумесер толқындарын көкпарға салып долданып, өз қуатына, өз қылығына өзі сүйсініп, жарылқаушысы — Күн нұрына сиынбай, қайта сол нұрдың жоқтығына мәре-сәре қуанып, бар тіршілікті мазақтап сақ-сақ күліп, әйтеуір, бір көзсіз ерлікті, бас жарар бұзақылықты аңсағандай, арқырап сарқырап ағады. О.Бөк.