Ызбарланды, ашуын төкті. ~ Күләш. Мына сөдері рас болса, атекем сендерге кәрін тіге қоймас. Тоқалдың кесірінен болғанын өзі де білмес деймісің? М.Әу. ~ Оразбай өзі болса, екі қашқынды өз алдына сүйретіп әкелдіріп тұрып, мойындарына арқан тағып өлтіртпекті серт етіп отыр. Одан аса беріп, Абайға да барынша кәрін тігіп, зәрін төкті. М.Әу. ~ Үш жыл қатарынан болған құрғақшылық есімізді шығарып жіберді. Егер дәл осылай тағы бір жыл кәрін тіксе сырты түк, іші боқ хайуан қалмас. О.Бөк.
