Ерекше қасиеті бар деп санады, пір тұтты. ~ Қыр елі кие тұтқан баяғы қара әулие де бүгінде төбе басында. Мәликенің аруағына алдымен бас ұрған соның өзі еді. Ж.Нәж. ~ Адыраспан мен жусанды қазақтар кие тұтатыны, олардың түтінімен жын-пәлекеттерді аластайтыны бесенеден белгілі. Е.Әл. ~ Олар қайтыс болғаннан кейін күллі қазақ ордаларының Ұлы, Орта және Кіші жүздің, Тәшкент қаласы мен Түркістан уәлаятының хандары мен сұлтандары жиналып, 1771 жылы жалпы келісіммен, мұсылмандардың кие тұтар әулиесі Қожа Ахметтің мүрдесі жанында дәстүр бойынша дұға оқып, мені қазақтың үш жүзінің ханы деп жариялады. C.Ақт.
