Бір-біріне жақын, иін тіресіп, тығыз орналасқан. ~ Осы сапарымызда біз — Бөген, Қарашалаң, Қаратерең бармақпыз. Бұл аралар балықшылардың киіздей ұйысқан қалың жері. Және Сырдарияның теңізге құяр сағасы. Ә.Нұрп. * Бұдан басқа да жолдары бар еді ғой. Енді міне, киіздей ұйысқан елді торғайдай тоздырды. О.Бөк. ~ Онда аумақты, адам баласы аяқ баспаған бір үй тұр екен. Киіздей ұйысқан қалың бұталы және өне бойы толған үңгірлі тау ма, жоқ әлде үй ме оны ажырату мүмкін емес-тін. Г.Х.Анд.
