Жанжал шықты, келіспеушілік туды. ~ Менің аты жөнім – Мөңке. Мені сізге, алдияр хан, Назардың Доржысының баласы Лобжы тайшы жіберді. Доржы тайшы мен Шерін Дөндіктің арасында кикілжің шықты. Ә.Кек. ~ «Бұл қалай? Уәделерінде тұрмағаны ма? Ендеше мыналар неге түк көрмегендей жайбарақат? Әлде өз араларында бір кикілжің шықты ма екен?..» Ә.Кек. ~ Қалаға орналаспай жатып қызының шырғалаңға тап болға- нын білсе, ата-анасының арасында кикілжің туып қала ма деп сақтық ойлапты. Ө.Кәр.~ Маған кандидаттық диссертацияны сен жазып бересің бе?! Əлде мына баланы сен емізіп үйде отырасың ба, ə?! Сөйтіп түңғыш бала туылысымен-ақ бұл үйге кикілжің кірген еді. Н.Кел.
