Әлдебір жағымды әрекет, сөзге қатысты айтылатын құптау сөзі. * Адам екі нәрсеге тоймайды дейтін еді атам марқұм: біреуі мал, біреуі перзент. Екеуінен де кеммін демеймін. Бірақ нұр үстіне нұр болғанын кім жек көреді. С.Мұқ. * «Бала деген адамның бауыр еті» ғой. Көзінің ағы мен қарасындай баласының өнерлі болғанын кім жек көреді дейсің. С.Ом. * Мақтағанды кім жек көрсін, оның ішінде Нью-Йорк полисмені мақтап тұрса. Ақан басын қалай изеп жібергенін байқамай қалды. М.Қаб.
