Кімннің пайдасы болса, соған жалпаңдайтын жағымпаз адам хақында. ~ Бәрінен де әлгі теке тойлы көбеңнің шәңгірі өткір. Тіке құлағыңды жеп тастайды. Кімнің тарысы піссе, соның тауығы болған ошқыз жолдас жуан өңеш қомағай көбеңмен мәнзелдес. Соған анық көзі жеткен. Ө.Кәр. ~ Құлқын тамақ кімді жеңбеген. Кімнің тарысы піссе, соның тауығы болып кете бардым. С.Ом. ~ Кімнің тарысы піссе, соның тауығына айналып кеткен лыпылдақ адвокаттан мен елбе-делбе болып өз көрімді өзім қазып жатқан күйімде биікпін. Е.Әл.
