Біреудің жазым қадамын, қателігін, айыбын, басқа бір келіссіз жағдайды жылы жауып, ақтауға тырысты. * ~ Осындай шым-шытырық алып қашты, бұралқы ойлар мені аз толғады ма? Бұдан да басқа мені қинайтын, білгім келетін жайлар бар. Оның бірі — бес саусақтың неге бірдей еместігі еді. Оның да сәті бүгін келді. Өйткені оның бөрік жайында айтқан әңгімесіне күдік туып қалды. Осы бір мойындай қоймаған кінәсін жуып-шаю үшін ол нақ қазір не сұрасаң да жауап беруге әзір еді. С.Бақб. ~ Батырдың тұқымы емес пе?- деп үлкен баласы «кінәсін» жуып-шайып жатыр. Бағана мені іліп-қаққан кіші нағашыларымда үн жоқ. Ғ.Құл. * Менсінбеді, көңілін таба алмадық деп намысқа шауып жаныға түседі. Әлде ризашылығы, әлде селт еткізіп сезімге бөлей алмаған айыбын жуып-шайғаны ма, сыбырлай жалап-жұқтап, ышқырына жасыл қағаз қыстырып жатқаны. Т.Сәук.
