Posted in

КІР КЕЛТІРДІ

Ұятқа қалдырды, абыройын төкті, жақсы аттан айырды, күйе жақты. ~ Ауылға мүгедек боп оралды ғой. Ол кезде оған кір келтірер ешбір дәлелді жала болмағанмен — ақталмаған. Ә.Әл. ~ Жоқ, жоқ, сіз мені теріс түсінбеңіз. Татьяна жеңгейге деген пәк сезіміңізге ешбір кір келтіретін әзәзілдікке сіздей жандардың жол бермейтінін мен білемін… І.Ес. ~ Көргенсіздік ушыға келе «кір келтіруден» асып, сүйекке таңба болатын арсыздыққа ұласып кетуі кәдік. Ө.Кәр.