Posted in

КІР ШАЛМАҒАН

Дақ түспеген шынайылық, тазалық, адалдық хақында. ~  «Ол сенің жарың» деген бір соз барлық сөзден ыстық еді. «Мұстапаның Сарыбаспағы» деген әжесінің бір сөзі барлық сезден суық еді. Кір шалмаған ар-ұят Алатаудай болып алдын кесті. Сарыбала содан асуға бекінсе бұл бекіне алмай, бекінбей тағы қоялмай, бір қызарып, бір сұрланып, теңселген кезде Сәлиман кірді. Ғ.Мұст. ~ Сүйтіп бұлар былайғы сырт көзге араларын ешбір кір шалмаған, бет шіркеулеріне көлеңке түспеген, өзара ынтымағы жарасқан аға мен іні, қайны мен жеңге сияқты болып көрінуші еді. Ө.Ахм. ~ Әлі де балалық желіктің уыздай құшағындда жүрген ол Алмас екеуінің арасында өткен сонау жылдағы оқиға, күнәсі мен кір шалған кірбіңі жоқ, балдырған қылықтар екенін және ойнағаны өз жұрағаты екенін де сезбеген. О.Бөк.