Posted in

КІР ШАЛМАС

Саф таза, кінаратсыз. ~ Бірақ ардақ ананың дарқан жүрегін, шыншыл әрі ізгі пейілін жыға танымаған жетесіз ұл туған шешесін күйік отына тастап, ұлылығын, кір шалмас махаббатын рәсуа етері әмбе рас. О.Бөк. ~ Ештеңені көрмейін, сезбейін дейді. Сілейген өлік сияқты. Жүрегін, жан сарайын кір шалмастай тас бекітіп алып, арам тәнін итке лақтырғандай арсыз шалдың илеуіне беретін. Т.Сәу.