Posted in

КІРГЕН ІЗІ БАР, ШЫҚҚАН ІЗІ ЖОҚ

Қайда кеткені белгісіз, ұшты-күйлі жоқ д.м. ~ Егер ол алда-жалда мойын бұрып: «Соңыма арыз түсірген тілші жолдас, сізді ферма емес, кірген ізі бар да, шыққан ізі жоқ айдалаға, ақ отау, аузы-мұрны жоқ отауға алып барамын. Оның ішінен аман-сау оралуыңыз, әй, екіталай. Арғы жағын өзіңіз біліңіз»,— десе, Елтай еш риясыз сенер ме еді, қайтер еді. М.Қаб. ~ Қазір облыстардың бюджетіне өз аумағындағы өндіріс орындарынан көк тиын қаржы түспейтіні белгілі. Өйткені барлығын Самұрық-қазына сыпырып, сиырып алып қояды. Самұрық-қазынаға қаржының кірген ізі бар да, шыққан ізі жоқ, айдаһар тәрізді қылғып жұта беретін бір жұтқын пәле. Абай.kz. ~ Осы қоғамнан барған дүниелер әр түрлі мұрағаттарда тапсырылған, олардың өзінде де бірнеше мәрте ауыс-түйіс болған, яғни кейбір құжаттар мен заттардың кірген ізі бар да шыққан ізі жоқ. Ә.Бим.