Posted in

КІРПІГІ ЖАСҚА ШЫЛАНДЫ

Көзі дымданды, көзіне жас алды, жылады. ~ Ал, күйеу керек пе әйелге? Меніңше, әбден керек. Кейде Миллат мамам әкемнің суреттерін ақтарып қа­рап отырады да, мұңға батып, бір түрлі егіліп кеткендей­ болады. Кірпігі жасқа шыланады… Б.Соқ. ~ Өзіңіз іздемедіңіз бе? — деді әдейі. — Не бетіммен іздейім, өзім қуып жіберіп, — деді Зағипа қайқы кірпігі жасқа шыланып. Н.Сер.