Келіп-кетіп жатқан адамдардың саны азайды (азаймады) ~ Кісі аяғы басылған соң, «Малжан ағашының» бауырындағы жалғыз үй бұрынғы кәсібімен күн кешіп, бәз-баяғы қалпында өзгеріссіз тұра берді. С.Жүн. ~ Көлік тез табыла қоймады ма, әлде кісі аяғы басылсын деді ме, ауылдан ымырт үйріле шығып едік, Ораздың әйелі болмаса, Самсыдан сан дүркін жаяу келіп, жаяу кетіп жүрген жер ғой, өз аяғым да жететін еді… Қ.Ысқ. ~ Ақбөбектің даңқы айналаға тез жайылды. Айға дейін кісі аяғы басылмады. Аяқ жетер жердің адамы келінді көруге асықты. Ү.Жәл.
