Жақсы адамды бағалай, сыйлай біледі (білмейді). ~ Тіленшіжан, мен төрт аяқты малға, алтын-күміске мұқтаж емеспін ғой, қалауымды сұрасаң айтайын, сары сүйек едің, сүйек жаңғыртайық. Маған осында келгелі шай құйып жүрген қарындасыңды бер, кісі қадірін білгендей, күткендей бала екен, – дейді. Ж.Шәк. ~ Қоңырақын талай рет «қылмыс» үстінде қолға түсіп, ашынған ауыл адамдары енді оны ұлыққа тапсырмақ болып, байлап тастағанда, әйелдер түнде ұрланып барып, босатып жібереді екен. Жалпы, әйелдер — дәтіне берік, кісі қадірін білетін жұрт қой… Қ.Жұм. ~ Әкіреңдеген ызалы солдаттардан ығыр боп барады. Кісінің қадірін білмейтін иттерге сөзін шығын ғып ақталғысы келмейді. Ә.Нұрп.
