Сөзін жеткізуге біреуді жұмсады; сәлемін жолдады. ~ Жөкеңнен де дамыл алмай кісі тартып жатыр. Тобықтының ішкі шебін өзінікі етіп алу үшін Жігітекке тағы шырға тастайды. «Құнанбай баласының өз арасын ірітсем» дегенде көкірегі қарс айрылады. Осындай есептің біріне жаратқалы Базаралыға кісі салыпты. Жақында Абылғазы келіп кетіп еді. Базаралы өзінің бар жауабын, жау сырын маған әдейі сәлем ғып айтып жіберіпті,- деп насыбайын иіскеледі. М.Әу. * Бұл үйдің бұлай күйзелушілікке ұшыраған себебі былай: 1913 жылы Петербургтен қайтқаннан кейін Итбай Балтабекке: «Қарындасын маған берсін» деп кісі салды. С.Мұқ. * Сөйтсе де, Алтын Орда ханы келе жатқанда Қырымдағы сұлтан сарайында мұндай қанды оқиғаның болғалы тұрғанын ұнатпаған имам Ажарға кісі салды. І.Ес. * Осы Нұрғанымды Қаратайдың ақылымен Құнанбай тоқалдыққа ұйғарды да, Бердіқожаға кісі салды. М.Әу. ~ – Ел аузындағы бір есек екі жылдан бері басылмайды. Сені Байтұрсынның баласына бермек болғаны рас па? ~ Кісі салғаны рас шығар. Бермек болғанын білмейім. – Әгәр бермек болғаны рас болса қайтесін? Ғ.Мұст. * Жат елден келген шет керуен қонағым бар. Осы үйіңе түсем деп кісі салдым. Жауап жоқ, үн жоқ, мен бе едім сөзі неден кететін? М.Әу. * Есен Бұғы енді Юнань патшалығына қарсы шығатын одақтас іздей бастады. Осы кезде жана ғана Алтын Орда ханы болған Өзбекке кісі салды. І.Ес.
