Ешкімге зарар келтірмейтін, бірақ әлдебір дімкәсі бар адам туралы. ~ Қамза өткір сазды үнмен жеті түнді сілкіндіріп, әннің бірінен соң бірін тоғытты. ─Кісіге зияны жоғы рас, – деді Сағидолла сонысына өзінің риза екенін білдіре, төңірегіне басын изей қарап. – Бірақ құрғырдың молаға түнейтіні жаман. Т.Әбд. ~ Апыр–ай, бекер шығардыңдар – ау, – деп Асқар әлдеқалай ыңғайсызданған түрмен. – Кісіге зияны жоқ жан ғой. Кірсінші үйге. Сағидолла – ай, кіргізші үйге, дәм ішсін. Т.Әбд. ~ Көз алдында көлденеңнен келіп тұра қалған — аяғын тапыр-тапыр басып бүкшиіп жүретін шүйкедей қара кемпір. Анда-санда күрк-күрк жөтеліп қоятын ешкімге зияны жоқ дімкәс кісі емес пе еді. Н.Ақ.
