Posted in

КІСІЛІК ТАНЫТТЫ (ЖАСАДЫ, ҚЫЛДЫ)

Адамгершілік танытты, қайырымдылық жасады. ~ Қазақтың тоң жүрмеген даласында бір-біріне қаламдарынан қарғыс жаудырып, кісілік танытуға жүректері дауаламайтын соларды қойшы дегің келеді. Ы.Дәб. ~ Қандай ортада да өзін салмақты, сабырлы ұстауы әрбір кездесу кешінің сахналарында пікір-лебізін айтып, көтермелеп көңілімді өсіріп, демеп, туған еліммен, туған жұртыммен кездесуімді жүргізіп, кішілікпен кісілік танытты. Қ.Бұғ. ~ Шыдам тосып, сыңсу жақындағанда аққұба әйел келді. Оқ жыландай сумаңдап: – Әлиакпар кісілік жасады. Бименденің атын аударып әперіп, өзін мінгестіріп қайтпақшы болды. Шәукентай жол тауып бара алар ма екен? – деді. Т.Әл. ~ Көкем-ау, сонда маған нағыл дейсің? – Балалар осында, сенің үйіңде болсын. Өзім бағамын. – Бар айтарың сол ма? Сол-ақ па? – Кісілік жасайық, Қызбалтай. Н.Дәу. ~ Өзінің де құны басынан асты. Көп ұзамай тері – тарамысын алдырар!—деді Құсайын. —Не қылғанмен өзі бізге кісілік қылды. Өйтпегенде бізді анау қасындағы өңшең ұрылары аямайтын еді,— деді Сатан да сөзге кірісіп. І.Жанс.