Адамгершілігі бар, ниеті түзу, иманды жан. * Жұмабай да жаңа байқады. Бала бестінің төбелін саз балшықпен баттастырып тұрып сылап қойыпты. Жұмабай кісілікті кісі. О да күлкі бола бергісі келмейді. М.Әу. * Шағидың әке-шешесі затты, кісілікті кісілер болғанын еске алып, тегіне тартқандығына разы болды. Шағиға ілесіп үйіне баруға ыңғайланды. Ғ.Біл. ~ Жасы жер ортасынан ауып кеткен, соғыс кезінде шаруаны шашау шығармаған, істің көзін табуға оңтайлы, мінезі қатал болса да кісілікті адам. Әйелі – айтқанын далада қалдырмайтын, ер мінезді. Н.Дәу. ~ Шоң би айтқан екен дейді: «Бұл төңіректе менен ақыл сұрамаған екі-ақ адам бар. Бірі – Кеттебек, екіншісі – Қаңтарбайдың Исасы (Иса қажылыққа барған, кісілікті адам болған заманында. Алтайдың сайдалысына жатады). Ө.Кәр.
