Бастапқы қалпындағыдай; кіршіксіз, қол тимеген. * Шыңдарын бұлт еміп, көкжиекте кенерлей созылған заңғар таудың басы шілденің шіліңгірінде де көбесі сөгілмеген әппақ қар. Беткейі сыңсыған жасыл шырша. Т.Сәу. * Сәлден кейiн көбесi сөгiлмеген аппақ қарды қиыр-шиыр шимайлап, үш қарайған үздiк-создық түйетайды беткейдi құлдилап бара жатты. Т.Сәу. * Ғалымдардың аз-мұз ізі қалса, тек Сарайшықта ғана, қалғандарының бәрі жылы жабулы, көбесі сөгілместен жатыр” дегені бар еді. Ө.Әлімг.
