Жөнсіз сөзі көп, көкіме мылжың. ~ Қалды небір кеселдер:
Қорқақ, күншіл, мешелдер, Бола алмаған көсемдер, Көбік езу шешендер. Соқты дауыл үйіріп, Ұшты жасын, жай-оттар. М.Мақ. ~ “Арамдық, адамға деген жауыздықтан бойын аулағырақ ұстайтын бір адам мендей-ақ болар (осылай деуге ұялмаймын!). Егер мен тарапынан көбік езу біреулер саған бірдеңе деп жеткізсе, оның бәрі жалған екендігін түсінуіңді өтінем. ” М.Мақ. ~ Сол көбік езу ағама қарап отырып, осы жанға ұқсап елмен айтысып, рушылдық деген асқынған ауруымыздың бетін тырнап жүрген қаншама жан бар екен деген ойға қалдым. А.Сұлт.
