Бос мақтан, лепірме сөз. * «Сен данышпансың!» деп сампылдаған, күмпілдеген көбік сөзді ертеңдікеш ести берсе, миғұла да: «Е, мен шынында данышпан екенмін!» деп сандалып кетеді, бүгін саған да біраз көпшік қойылар, байқа, мастана көрме! Ғ.Қаб. * Көбік сөзге қайсыбір қосыла алман, Зұлымдықтың ызғары өсіп алдан, Абайды да сабаған өзімізбіз, Махамбеттің басын да кесіп алған… Д.Стам. * Жел құйын журналистер кімнің кім екенінің паркын білмей, бастық кімді мақта десе, көбік сөзді көпіртеді- ай келіп. Ш.Мұр.
