Телміре қарады. ~ Сонда мен де көшеге жүгіріп шығып, сенің артыңнан көз сүзіп қала беретінмін. Қ.Ысқ. ~ Қаны басына шапқан қожайын әлгі байлық белгілерін іздеп, сөреге көз сүзді. М.Қаб. ~ Бүл маңайда неше күндік жерде тамшы жоқ. Есті жануарлар жағдайды түсінетін сияқты, осқырынбайды да, көз сүзбейді. М.Мағ.
- Құмартты, көңілі кетті, көз салды. ~ Бірінші болып жарлас үйдің еркегі көз сүзді. Түн ортасында келіп, есігін қақты. Бұл да дөңбекшіп жатқан. Кіргізді. Көп ұзамай, іші білініп қалды. Ү.Жәлеке. ~ Көкшетау кейде карлы, кейде карсыз, ер жігіт кейде малды, кейде малсыз. Дарияның жарға соққан толқынындай, Көз сүзген көрінгенге көңіл арсыз. Жаяу Мұса. ~ Аман болса, бүкіл ала қырдың үстіндегі жалпақ ел бұл шыңырауға көзін сүзіп өтеді. Ә.Кек. ~ Жай кетпеді‚ төрт құрсақ көтерсе де жүзі өңді‚ бойы бәденді шешесіне көзін сүзіп‚ бұған тепсініп кеткен. А.Алт
.
