Posted in

КӨЗ (КӨЗІНІҢ) ҚЫРЫН САЛДЫ (САЛА ЖҮРДІ)

Сырттай қамқор болып, жанашырлық танытып жүрді. . ~ Күндердің күні болып жүдеп-жадап, біреуден зорлық, біреуден корлық көріп отырған үстіне келсең, көзіңнің қырын саларсың. М.Әу. ~ Сонда Әділ: — Қош, Серікбай! Әжем мен Марияға сәлем айт! Соларға көзіңнің қырын сала жүр! Шәк. ~ Апырау, мына әйелге, мынау екі балаға көз қырын салар шынымен- ақ ешкімнің табылмағаны ма? С.См. ~ Сонда Жаршыдайдан бұрын Құйылдыр: – Андам үшін жауға мен кірейін. Тек, артымда қалатын жетімдерімен көз қырын салуды ұмытпағайсыңдар! – дейді. Ж.Шәк

  1. Назарында ұстады, бақылай жүрді. ~ Күй сауған, бие сауған салпы етек өзіміздің елде де аз емес. Тек оларға да көз қырын сала жүріңдер… Ғ.Мүс. ~ Әпкем бөлмесіне кіріп кеткесін ғана есін жиып, басын шайқап: «Жаман қыз бойжетіп қалыпты. Асықпен алыса бермей, бір мезет әпкеңе көз қырын сала жүр»,– деген. М.Қаб.
  2. Көзі түсті, сұқтана қарады. ~ Оларға да ойымен «қош» деп, балуанның жуан сандарына көзінің қырымен қарап тұрып, у сауытын аузына әкеліп төңкеріп қалды… Апиын иегінің үстінен жерге сырылдап тамып жатты. М.Әу, ~ Бағана келгеннен-ақ домбыраға көз қырын сала берген, тек әдеп сақтап, асығыстық жасамайын деп отыр екен. Б.Тоғ. ~ Сөйтсе, бұл Алматыда жүргенде, жүрегін бір Жанботаға арнап не бір аруларға көз қырын салмай келгенде мына бәтшағар… Әй, кім біледі. Жанбота ондайға бара ма?! Ж.Шәк. ~ Ешкімнің ала жібін аттама, семьяда адал бол, сұлуларға көз қырын салып, көлденең жүріске бой алдырма. Қ.Жұм.